Автокөлік цехының жүргізушісі - Астана

Шаруашылық қамтамасыз ету департаменті автокөлік цехының жүргізушісі

Құрылымдық бөлімше: Шаруашылық қамтамасыз ету департаменті

Біліктілік талаптары:

Жоғары немесе арнаулы орта техникалық білім не орта білім, тиісті санаттағы автокөлік құралын басқару құқығына куәліктің болуы қажет.

Жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан кем емес.


Еңбек өтілі: 2 жылдан кем емес

Жұмыс күні: 5/2

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

Автокөліктің техникалық жай-күйін тексеруді және желіге шықпас бұрын қабылдауды, оны тапсыруды және автошаруашылыққа оралғаннан кейін белгіленген орынға қоюды жүзеге асырады;

Бекітілген автокөлік құралының техникалық жарамды жай күйін қамтамасыз етеді;

Автокөлік құралын сақтау бойынша шаралар қабылдайды;

Жолаушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын және автомобильдің техникалық жарамды жай-күйін барынша қамтамасыз ететін автомобиль жүргізуді жүзеге асырады;

Автокөліктің техникалық жағдайын бақылайды, оның қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды дербес орындайды;

Автомобильдің қозғалтқышын, корпусын және салонын таза ұстайды, оларды осы немесе басқа беттерге арналған тиісті күтім құралдарымен қорғайды;

Шығу алдында жүру бағытын пысықтайды, оны диспетчермен келіседі.



«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Шаруашылық қамтамасыз ету департаменті Автокөлік цехының жүргізушісі бос лауазымына орналасуға арналған конкурстың аяқталғаны туралы хабарлайды.

Конкурс өткізілді деп танылды. Құжаттарды және әңгімелесу нәтижелерін қарау нәтижесі бойынша конкурстық комиссияның шешімімен Асетов Аманжан жеңімпаз болып танылды. Конкурс жеңімпазымен белгіленген тәртіппен еңбек шарты жасалатын болады.

Байқаудың барлық қатысушыларына көрсеткен қызығушылығы мен қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Бос орын жабылып, мұрағатқа ауыстырылды.



Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар