Құрылымдық бөлімше: «Qazaqstan» ҰТА Бағдарламалар өндірісі жөніндегі дирекциясы
Біліктілік талаптары:
Тиісті мамандық бойынша жоғары білім;
БАҚ саласында немесе сабақтас мамандықтар бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілі.
Еңбек өтілі: 3 жылдан кем емес
Жұмыс күні: 5/2
Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4
Телевизиялық жобаның кезеңдік медиа жоспарын жоба жетекшісімен бірге бекіту;
Жетекшімен бірге тақырып және сценарий жоспарын бекіту;
Жауапкершілігіндедегі жобаның барлық кезеңдерінде қатысады: тақырып пен сценарийлерін дайындау, түсірілімге қатысу, кадрларын қарап, контенттің әлеуметтік желідегі таралуын бақылау;
Күнделікті сюжеттер мен сценарийлерді тексеріп, мазмұндық, грамматикалық, фактологиялық қателіктерге жол бермеу;
Эфирге шығатын титрлерді, мәтіндерді, графикалық элементтерді алдын ала тексеріп, мазмұндық және грамматикалық тұрғыдан түзету;
Эфирлік контенттің этикалық, құқықтық талаптарға сәйкестігін тексеру;
Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді атқарады.
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы «Qazaqstan» ҰТА» Бағдарламалар өндірісі жөніндегі дирекциясының шеф-редакторы бос лауазымына орналасуға арналған конкурстың аяқталғаны туралы хабарлайды.
Конкурс өткізілді деп танылды. Құжаттарды және әңгімелесу нәтижелерін қарау нәтижесі бойынша конкурстық комиссияның шешімімен Үсенбаев Еркін Шәкірұлы жеңімпаз болып танылды. Конкурс жеңімпазымен белгіленген тәртіппен еңбек шарты жасалатын болады.
Байқаудың барлық қатысушыларына көрсеткен қызығушылығы мен қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Бос орын жабылып, мұрағатқа ауыстырылды.