Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің заң кеңесшісі-аналитигі - Астана

Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің заң кеңесшісі-аналитигі

Құрылымдық бөлімше: Құқықтық қамтамасыз ету департаменті

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі заңгерлік білімі); 

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі: 3 (үш) жылдан кем емес.


Еңбек өтілі: 3 жылдан кем емес

Жұмыс күні: 5/2

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

Қоғамның ішкі құжаттарына сараптама жүргізеді және оларды әзірлейді;

Құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан құқықтық сараптама жүргізеді;

Директордың тапсырмасы бойынша ақпараттық анықтамалар мен түсіндірме жазбаларды дайындайды;

Қоғамның өзі жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелері бөлігінде авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі даулар бойынша талап-арыз жұмысын жүргізеді;

Қоғамның қызметін жүзеге асыру үшін қажетті лицензиялар мен рұқсаттарды алу үшін құжаттарды дайындайды;

Қазақстан Республикасының соттарында Қоғамның мүдделерін білдіреді;

Мемлекеттік органдар бақылау және қадағалау іс-шараларын жүргізген кезде Қоғамның мүдделерін білдіреді;

Өзінің лауазымдық міндеттерінің шегінде Қоғам қызметкерлеріне консультация береді, Қоғамның қызметіне тікелей байланысты заңдық құжаттарды әзірлеуде құқықтық көмек көрсетеді;

Функционалдық міндеттерінің шеңберінде Департамент директорының өзге де тапсырмаларын орындайды.



«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің заң кеңесшісі-аналитигі бос лауазымының жабылғаны туралы хабарлайды.

Ішкі ережелерге сәйкес Каудыров Турар аталған бос лауазымға ауыстыру тәртібімен тағайындалды.

Бос орын жабылып, мұрағатқа ауыстырылды.



Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар