Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің заң кеңесшісі - Астана

Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің заң кеңесшісі

Құрылымдық бөлімше: Құқықтық қамтамасыз ету департаменті

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі заңгерлік білім);

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі: 2 (екі) жылдан кем емес.


Еңбек өтілі: 2 жылдан кем емес

Жұмыс күні: 5/2

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

Қоғамның ішкі құжаттарын әзірлейді және оларға өзгерістер (толықтырулар) енгізеді.**

Қоғамның ішкі құжаттарына сараптама жүргізеді.

Қоғамның құқықтық сипаттағы ішкі нормативтік актілері жобаларына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық сараптама жүргізеді.

Қоғамның қызметі барысында туындайтын авторлық және сабақтас құқықтарға байланысты даулар бойынша талап-арыз жұмысын жүргізеді. Келіп түскен талаптарды қарайды және оларға жауаптар дайындайды.

Қоғамның қызметін жүзеге асыру үшін қажетті лицензиялар мен рұқсаттарды алу үшін құжаттарды дайындайды.

Қазақстан Республикасының соттарында Қоғамның мүдделерін білдіреді, атқарушылық іс жүргізуді қозғау және оны одан әрі жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады.

Қоғамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жүзеге асырады, оның ішінде қылмыстық және әкімшілік іс жүргізу шеңберінде Қоғамның мүдделерін білдіреді.

Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары тексерулер жүргізген кезде Қоғамның мүдделерін білдіреді.

Қоғам қызметкерлеріне құқықтық консультациялар береді, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықта көзделген міндеттер шегінде Қоғамның қызметіне қатысты құқықтық құжаттарды әзірлеуге көмек көрсетеді.

Контрагенттермен шарттардың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді.

Лауазымдық нұсқаулық шеңберінде өзге де міндеттерді орындайды.



Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар