Құрылымдық бөлімше: Өндірістік орталықтың режиссерлік қызметі
Біліктілік талаптары:
Жоғары техникалық, педагогикалық, гуманитарлық білім немесе өнер, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес салалары бойынша жоғары білім, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.
Орта техникалық немесе кәсіптік білім, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Еңбек өтілі: 1 жылдан аз емес
Жұмыс күні: 5/2
Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4
Тележобаларды, кино-, теле- және бейнефильмдерді, барлық түрлері мен жанрларындағы телерадио бағдарламаларды монтаждау бойынша жұмыстардың толық кешенін ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Монтаждау жұмыстарын (монтаждау өтінімін) жүргізуге арналған күнтізбелік-қойылымдық жоспарда көзделген мерзімдерді, сондай-ақ қолданыстағы техникалық нормативтерді сақтайды.
Жоспарлы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Бағдарламалардың көркемдік-техникалық сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылдайды.
Монтаждалған бағдарламаның соңғы нұсқасын қарайды.
Монтаждау жабдықтарына техникалық профилактика жүргізеді (ай сайын).
Монтаждау басталғанға дейін жабдықтың жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етеді.
Өзінің функционалдық міндеттері шегінде өзге де тапсырмаларды орындайды.
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Өндірістік орталық режиссерлік қызметінің 2 санаттағы бейнемонтажері (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне) уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурстың аяқталғаны туралы хабарлайды.
Конкурс өткізілді деп танылды. Құжаттарды және әңгімелесу нәтижелерін қарау нәтижесі бойынша конкурстық комиссияның шешімімен Батырхан Шерхан Талғатұлы жеңімпаз болып танылды. Конкурс жеңімпазымен белгіленген тәртіппен еңбек шарты жасалатын болады.
Байқаудың барлық қатысушыларына көрсеткен қызығушылығы мен қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Бос орын жабылып, мұрағатқа ауыстырылды.