Өндірістік орталық операторлық бөлімінің телеоператор ассистенті - Астана

Өндірістік орталық операторлық бөлімінің телеоператор ассистенті

Құрылымдық бөлімше: Өндірістік орталық операторлық бөлімі

Біліктілік талаптары:

Жоғары немесе арнаулы орта білім

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды


Еңбек өтілі: Талап етілмейді

Жұмыс күні: 5/2

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

Телеоператор-қоюшының немесе телеоператордың шығармашылық тапсырмаларының толық әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді, бейненің техникалық сапасына жауап береді.

 Белгілі бір телебағдарламаларды операторлар тобы түсірген кезде жетекші телеоператорға бағынады.

 Телеоператор-қоюшымен бірлесіп түсірілім өтетін орынды қарап шығады және қойылымдық міндеттерге сәйкес камераның қозғалыс бағытын айқындайды.

 Трактілік репетициялар, студиялық түсірілімдер, тікелей эфирлер, жылжымалы телевизиялық станция (ЖТС) және телевизиялық журналистік кешен (ТЖК) арқылы жүргізілетін көшпелі түсірілімдер кезінде камерамен жұмыс істейді.

 Режиссерлік сценарийді және телебағдарламаларды жасауға арналған күнтізбелік жоспар жобасын әзірлеуге қатысады.

 Пайдаланылатын техниканың дұрыс пайдаланылуын қадағалайды.

 Ашық алаңдарда (табиғи жағдайда) жарықтандыру жабдықтарын техникалық пайдалану қағидаларының, еңбек және өндірістік тәртіптің, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылайды.

 Телевизиялық түсірілімдерді жүзеге асыру үшін іссапарға шыққан кезде арнайы жарықтандыру жабдықтарының сақталуына, олардың техникалық жай-күйіне және түсірілімнің жарықтандыру сапасына материалдық жауапкершілік көтереді.

 Трактілік репетициялар, түсірілімдер және тікелей эфир өткізу үшін оператор арбасы мен операторлық кранның орнатылуын қамтамасыз етеді.

 Камераны краннан шешкен кезде оның тепе-теңдігі бұзылатындықтан, операторлық кранды міндетті түрде сақтандыруға міндетті.

 Ашық алаңдарда, көпшілік қатысатын іс-шараларды (концерттер, спорттық жарыстар, саяси іс-шаралар және т.б.) түсіру кезінде мынадай талаптарды қамтамасыз етуге міндетті:

операторлық кранмен жұмыс істеу аймағын қоршауды қамтамасыз ету, бұл кран операторы мен кранның қызмет көрсетушісінің кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беруі тиіс;

- операторлық кранмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау;

- түсірілім алаңындағы барлық адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету (кран жебесімен немесе бағыттаушы құрылғымен адамдарды, қабырғаларды, жабдықтарды және басқа объектілерді соғып кетуге немесе іліп кетуге жол бермеу);

- оператор арбасымен жұмыс істеу кезінде операторлық рельстерде бөгде заттардың болмауын бақылауды жүзеге асыру (рельстерге шектеуіштер орнату);

- операторлық кран мен рельстерді монтаждау және бөлшектеу жөніндегі нұсқаулық талаптарын сақтау;

- ақаулы техниканы пайдалануға жол бермеу және туындаған ақаулар туралы техникалық жөндеу тобына уақтылы хабарлау.



 «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Өндірістік орталық операторлық бөлімінің телеоператордың ассистенті бос лауазымына орналасуға арналған конкурстың аяқталғаны туралы хабарлайды.

Конкурс өткізілді деп танылды. Құжаттарды және әңгімелесу нәтижелерін қарау нәтижесі бойынша конкурстық комиссияның шешімімен Алимбеков Жахангир Джамалбекович жеңімпаз болып танылды. Конкурс жеңімпазымен белгіленген тәртіппен еңбек шарты жасалатын болады.

Байқаудың барлық қатысушыларына көрсеткен қызығушылығы мен қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Бос орын жабылып, мұрағатқа ауыстырылды.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар