Құрылымдық бөлімше: Коммерциялық қызмет, маркетинг және медиааналитика департаменті маркетинг бөлімі
Біліктілік талаптары:
«Әлеуметтік ғылымдар журналистика және ақпарат», «Бизнес, басқару және құқық», «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» мамандықтар тобы бойынша жоғары білімі;
Жалпы еңбек өтілі БАҚ саласында немесе сабақтас мамандықтар бойынша 2 (екі) жылдан кем емес.
Еңбек өтілі: 2 жылдан кем емес
Жұмыс күні: 5/2
Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4
Корпорация туралы ақпараттық кеңістікті (БАҚ, әлеуметтік желілер, блогтар, мессенджерлер және өзге де ашық дереккөздер) тұрақты негізде мониторингтеуге;
БАҚ, әлеуметтік желілер және цифрлық платформалардағы жарияланымдарға сапалық және сандық талдау жүргізуге;
Корпорацияның ақпараттық имиджі, беделі және қоғамдағы қабылдануы бойынша аналитикалық есептер, анықтамалар мен қорытындылар дайындауға;
Қоғамдық пікірді, медиа-трендтерді, мақсатты аудиторияны және коммуникациялық тәуекелдерді талдауға;
PR-науқандардың, ақпараттық іс-шаралардың және коммуникациялық жобалардың тиімділігін бағалауға, олардың нәтижелері бойынша талдамалық ұсыныстар әзірлеуге;
Медиаиндекстерді, жарияланымдардың тональдігін, қамту көрсеткіштерін, аудитория белсенділігін және өзге де негізгі PR көрсеткіштерін талдауға;
Корпорацияның ақпараттық өрісіне әсер ететін тәуекелдер мен дағдарыстық жағдайлардың туындау ықтималдығын анықтауға және алдын алу бойынша ұсыныстар енгізуге;
Бәсекелестердің ақпараттық белсенділігіне, PR-қызметіне және салалық коммуникациялық үрдістерге салыстырмалы талдау жүргізуге;
Корпорацияның ресми интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілерінің көрсеткіштеріне талдау жүргізіп, олардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге.
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Коммерциялық қызмет, маркетинг және медиааналитика департаменті маркетинг бөлімінің PR аналитигі бос лауазымына орналасуға арналған конкурстың аяқталғаны туралы хабарлайды.
Конкурс өткізілді деп танылды. Құжаттарды және әңгімелесу нәтижелерін қарау нәтижесі бойынша конкурстық комиссияның шешімімен Салыхова Мария Садуакаскызы жеңімпаз болып танылды. Конкурс жеңімпазымен белгіленген тәртіппен еңбек шарты жасалатын болады.
Байқаудың барлық қатысушыларына көрсеткен қызығушылығы мен қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Бос орын жабылып, мұрағатқа ауыстырылды.