Құрылымдық бөлімше: «Qazaqstan» ҰТА таңғы-ақпараттық бағдарламалар дирекциясы
Біліктілік талаптары:
«Әлеуметтік ғылымдар журналистика және ақпарат», «Бизнес, басқару және құқық», «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Педагогикалық ғылымдар» және «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» мамандықтар тобы бойынша жоғары білім
Еңбек өтілі БАҚ саласы немесе сабақтас мамандықтарда кемінде 1 жыл
Еңбек өтілі: 1 жылдан аз емес
Жұмыс күні: 5/2, 9,00 - 18,30
Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4
Қызметкер:
• Түсірілген бейнематериалды кодтауға және бейнемонтаж жасауға қатысу;
• Бағдарламаның шығуына атсалысқан түсірілім тобы мен қатысушыларға арналған титрларды дайындау;
• Бағдарламаны дыбыстауға қатысу;
• Бағдарламаны әзірлеу барысында жаңа әдеби форматтағы материалдарды іздестіру;
• Мәтін тақырыбын дирекцияның шеф-редакторымен келісу және бекіту;
• Түсірілімге шықпас бұрын мәтінді режиссерге көрсету және онымен бірлесіп жұмыс істеу;
• Ақпаратты талдау, талқылау және бағдарлама тақырыбын таңдай білу;
• Материал әзірлеуге дайындық жұмыстарын жүргізу, зерттеу жұмыстарын орындау, түрлі жанрдағы ақпараттарды дайындау;
• Эфирде жұмыс істей білу (теледидар, радио, интернет), қажет болған жағдайда тікелей эфир пультінде жұмыс істеу;
• Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді жүзеге асыру;
• Жұмыс берушінің медиа-жобаларын насихаттау және ілгерілету, рейтингін арттыру, өзекті мәселелерді жариялау, сондай-ақ мемлекеттің тұтастығын, азаматтық қоғамды қолдау және әлеуметтік, ұлттық әрі өзге де шиеленістердің туындауына жол бермеу мақсатында Жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша өзінің әлеуметтік желідегі аккаунттарында (Instagram, VK, YouTube және басқа да платформаларда) бейне-, аудиовизуалды шығармаларды, сюжеттерді және өзге де материалдарды орналастыру;
• Әлеуметтік желілерде кез келген мәлімдемелерді, пікірлер мен ақпараттарды жариялау кезінде кәсіби этиканы сақтап, оң немесе бейтарап ұстанымды ұстану;
• Егер мәлімдемелер, пікірлер немесе ақпараттар Қызметкер жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралына, Жалғыз акционерге, мемлекеттік органдарға немесе мемлекеттік қызметшілерге қатысты болса, олар аталған тұлғалар мен ұйымдардың имиджі мен беделіне нұқсан келтірмей, олардың оң имиджін қалыптастыруға бағытталуы тиіс;
• Жұмыс берушінің бірінші талабы бойынша әлеуметтік желілерде (өзінің жеке аккаунттарында) Жұмыс берушіге және оған тиесілі БАҚ-қа қатысты имиджіне және/немесе беделіне нұқсан келтіруі мүмкін, сондай-ақ елдегі оқиғаларға теріс көзқарас қалыптастыруға және оны насихаттауға бағытталған ақпаратты жарияламау;
• Эфирде берілетін жаңалықтарға қатысты фото және бейнематериалдарды (әріптестері дайындаған сюжеттерді, журналистік зерттеулерді, сараптамалық материалдарды, сұхбаттарды және т.б.) өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялау және тарату;
• Таңғы ақпараттық бағдарламаның сценарийлері мен материалдарын редакциялау;
• Сценарийге сәйкес бағдарламаның сапалы шығуын қадағалау;
• Бағдарлама сценарийін мұрағаттауға міндетті.
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы «Qazaqstan» ҰТА таңғы-ақпараттық бағдарламалар дирекциясының редакторы бос лауазымына орналасуға арналған конкурстың аяқталғаны туралы хабарлайды.
Конкурс өткізілді деп танылды. Құжаттарды және әңгімелесу нәтижелерін қарау нәтижесі бойынша конкурстық комиссияның шешімімен Абылқайырова Гүлзада Шайхемсламқызы жеңімпаз болып танылды. Конкурс жеңімпазымен белгіленген тәртіппен еңбек шарты жасалатын болады.
Байқаудың барлық қатысушыларына көрсеткен қызығушылығы мен қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Бос орын жабылып, мұрағатқа ауыстырылды.