«QAZSPORT» телеарнасының әкімшілік бөлімінің продюсері (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне) - Астана

«QAZSPORT» телеарнасының әкімшілік бөлімінің продюсері (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне)

Құрылымдық бөлімше: «QAZSPORT» телеарнасы

Біліктілік талаптары:

Жоғары білім

Еңбек өтілі мамандығы бойынша кемінде 2 жыл

Еңбек өтілі: 2 жылдан кем емес

Жұмыс күні: 5/2, 9,00 - 18,30

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

Қызметкер:

* Жұмысты ұйымдастыру және атқарылатын жұмыстың сапасына бақылау жүргізу;

* Дайын өнімді тапсыру кестесімен келісу;

* Дайын өнімді қабылдауға қатысты қызметтік хаттарды жіберу, келісімшарт жасау, қосымша келісімшарт жасау;

* Дайын өнім туралы есептің кезең-кезеңімен өткізілуін бақылау;

* Келісімшарт талаптарына сәйкес тұжырымдаманы, синопсистерді, қысқаша сценарийлік жоспарларды, сценарийлерді және дайын өнімді тексеріп, қажет болған жағдайда өзгерістер енгізу және қабылдауды жүзеге асыру;

* Өндірісті жоспарлау, синопсис, сценарий, дайын өнімді түсіру және монтаждың сапасын жақсарту бойынша жұмысқа қатысу;

* Дайын өнім туралы ақпаратты стратегиялық және коммерциялық маркетинг департаментіне және дистрибуция және сатып алу бөліміне ұсыну;

* Түсірілім процесіне қатысу және қадағалау;

* Тексерілген дайын өнімді «Алтын қор» телерадиофонд департаментіне беруді жүзеге асыру;

* WinTV-мен эфир кестесін толтыру;

* Прокат куәлігін дайындауға қатысу;

* Авторлық құқық бойынша есеп толтыру;

* Телевизиялық жабдықтардың техникалық пайдалану ережелерін, қауіпсіздік техникасы ережелерін, өрт қауіпсіздігі ережелерін, ішкі еңбек тәртібін сақтау және орындау;

* Жұмыс берушінің медиа жобаларын насихаттау және жылжыту, рейтингті көтеру, өзекті мәселелерді жариялау, сондай-ақ мемлекеттің тұтастығын, азаматтық қоғамды қолдау, әлеуметтік, ұлттық және өзге де шиеленістерді тұтатуға бағытталған іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында Жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша әлеуметтік желілердегі өз аккаунттарында, соның ішінде Instagram, VK, YouTube және басқа да платформаларда Жұмыс берушінің қызметімен байланысты міндеттерге қол жеткізуге, қоғамдық оң пікір мен қоғамдық келісімді қалыптастыруға ықпал ететін бейне-, аудиовизуалды шығармаларды, сюжеттерді және өзге де материалдарды орналастыру;

* Әлеуметтік желілерде кез келген мәлімдемелерді, пікірлерді немесе ақпараттарды жариялау кезінде кәсіби этиканы сақтау, оң немесе бейтарап ұстанымды ұстану. Егер мәлімдемелер, пікірлер немесе ақпараттар Қызметкер жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарына, Жалғыз акционерге, мемлекеттік органдарға және мемлекеттік қызметшілерге қатысты болса, олар аталған субъектілердің имиджі мен беделіне нұқсан келтірмей, олардың оң имиджін қалыптастыруға бағытталуы тиіс;

* Жұмыс берушінің бірінші талабы бойынша әлеуметтік желілерде (өзінің жеке аккаунттарында) Жұмыс беруші мен оған тиесілі БАҚ-тың имиджі мен беделіне қатысты ақпаратты жариялау;

* Эфирде берілетін жаңалықтарға қатысты фото-, бейнематериалдарды (әріптестері жасаған сюжеттер, журналистік зерттеулер, сараптамалық материалдар, сұхбаттар және т.б.) әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялау және одан әрі тарату.



«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы «QAZSPORT» телеарнасының әкімшілік бөлімінің продюсері (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне) бос лауазымына орналасуға арналған конкурс негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты аяқталғаны туралы хабарлайды.

Бос орын жабылып, мұрағатқа ауыстырылды.



Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар