Техникалық қамтамасыз ету департаменті студиядан тыс хабар тарату құралдары бөлімінің инженері - Астана

Техникалық қамтамасыз ету департаменті студиядан тыс хабар тарату құралдары бөлімінің инженері

Құрылымдық бөлімше: Техникалық қамтамасыз ету департаменті

Біліктілік талаптары:

Жоғары

Еңбек өтілі 3 жылдан кем емес

Еңбек өтілі: 3 жылдан кем емес

Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

Бейнеинженер:

— Түсірілім нысанын немесе тікелей эфирді жұмысқа дайындау кезінде шығармашылық бөлімшелерден түскен техникалық талаптар мен өтінімдерге сәйкес негізгі және қосымша техникалық жабдықтардың толықтығын тексереді;

— Студиядан тыс жазбаларға немесе трансляцияларға дайындық кезінде түсірілім жабдықтарын орнатады;

— Шығармашылық персоналмен келісілген мерзімде трактілерді, жазбаларды және тікелей эфирлерді өткізу үшін кешеннің толық дайындығын қамтамасыз етеді, соның ішінде бейне және дыбыс трактілерін, сондай-ақ сыртқы қосылу желілерін толық баптау мен тексеруді жүзеге асырады;

— Репетициялар, жазбалар және тікелей эфирлер кезінде сигнал параметрлерінің үздіксіз бақылауын қамтамасыз етеді;

— Жазба немесе тікелей эфир аяқталғаннан кейін кешенді жинақтайды, пайдаланылған жабдықтардың толықтығын тексереді және оларды тасымалдауға дайындайды;

— Жабдықтардың уақтылы әрі сапалы техникалық пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

— Сигнал параметрлерін үздіксіз басқаруды қамтамасыз етеді;

— Жабдықтарды жұмысқа уақтылы дайындайды және жабдықтардың негізгі параметрлеріне бақылау өлшемдерін жүргізеді;

— Жабдықтардың жұмысын бақылайды, теледидарлық және дыбыстық сигналдарға қатысты МЕМСТ және өзге де нормативтік құжаттардың талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді, бағдарламалық-режиссерлік персоналдың қажетті коммутациялар, ауыстырып қосулар мен жалғаулар бойынша жедел талаптарын орындайды;

— Бағдарламалық-режиссерлік персоналмен бірлесіп резервтік жабдықтар мен арналарға ауысуды қамтамасыз етеді, апаттық жағдайда жұмысты жалғастыруға мүмкіндік беретін жабдықтардың технологиялық мүмкіндіктерінің мәжбүрлі шектеулерін айқындайды және бұл туралы бағдарламалық-режиссерлік персоналды хабардар етеді;

— Телевизиялық жабдықтардың ақауларына жедел әрекет етеді және оларды уақтылы жояды;

— Телевизиялық жабдықтардың ақауларының себептерін анықтайды, істен шыққан блокты белгілейді және қажет болған жағдайда резервтік жабдықтарға ауысады;

— Техникалық құралдардың жүктеме кестесін сақтайды;

— Телевизиялық жабдықтарды техникалық пайдалану қағидаларын, қауіпсіздік техникасы қағидаларын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, лауазымдық, пайдалану-техникалық және технологиялық нұсқаулықтарды, сондай-ақ өзге де нормативтік құжаттарды зерделейді және сақтайды;

— Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы техникалық құжаттама талаптарын сақтау бойынша міндеттемелерді орындайды;

— Өзінің функционалдық міндеттері шегінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды;



«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Техникалық қамтамасыз ету департаменті студиядан тыс хабар тарату құралдары бөлімінің инженері бос лауазымына орналасуға арналған конкурстың аяқталғаны туралы хабарлайды.

Конкурс өткізілді деп танылды. Құжаттарды және әңгімелесу нәтижелерін қарау нәтижесі бойынша конкурстық комиссияның шешімімен Машрапов Ильяс Ернарович  жеңімпаз болып танылды. Конкурс жеңімпазымен белгіленген тәртіппен еңбек шарты жасалатын болады.

Байқаудың барлық қатысушыларына көрсеткен қызығушылығы мен қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Бос орын жабылып, мұрағатқа ауыстырылды.



Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар