«Qazaqstan» ҰТА таңғы ақпараттық бағдарламалар дирекциясының графикалық дизайнері - Астана

«Qazaqstan» ҰТА таңғы ақпараттық бағдарламалар дирекциясының графикалық дизайнері

Құрылымдық бөлімше: Таңғы ақпараттық бағдарламалар дирекциясы

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары

Жұмыс өтілі: 2 жылдан кем емес

Еңбек өтілі: 2 жылдан кем емес

Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

Графикалық жүйелердің жұмыс істеу қағидаларын және кәсіби бағдарламаларды меңгеру. VizRT жүйесінде 2D және 3D графика жасау. 3D MAX және Adobe After Effects бағдарламаларын анимация мен модельдеу үшін пайдалану. Adobe Photoshop (растр), Adobe Illustrator және/немесе Corel Draw (вектор) бағдарламаларымен жұмыс істеу.

Эфирдегі операциялық жұмыс: жұмыс күні ішінде кез келген уақытта сценарист немесе режиссердің сұранысы бойынша графика жасау. Әрбір нақты сюжет тақырыбы мен форматын ескере отырып безендіруді (кескіндеме) әзірлеу.

Регламенттерді сақтау: ішкі тәртіп ережелері мен Іскерлік этика кодексін білу және сақтау. Қызметкердің құқықтарын бұзбайтын басшылықтың қосымша тапсырмаларын орындау. «Қазмедиа орталығы» ғимаратындағы өткізу режимі мен қауіпсіздік ережелерін сақтау.



«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы «Qazaqstan» ҰТА таңғы ақпараттық бағдарламалар дирекциясының графикалық дизайнері бос лауазымына орналасуға арналған конкурстың аяқталғаны туралы хабарлайды.

Конкурс өткізілді деп танылды. Құжаттарды және әңгімелесу нәтижелерін қарау нәтижесі бойынша конкурстық комиссияның шешімімен Юсупалиев Абзал Сапарбекович жеңімпаз болып танылды. Конкурс жеңімпазымен белгіленген тәртіппен еңбек шарты жасалатын болады.

Байқаудың барлық қатысушыларына көрсеткен қызығушылығы мен қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Бос орын жабылып, мұрағатқа ауыстырылды.



Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар