«Qazaqstan» ҰТА бағдарламалар өндірісі дирекциясының продюсер-әкімшісі - Астана

«Qazaqstan» ҰТА бағдарламалар өндірісі дирекциясының продюсер-әкімшісі

Құрылымдық бөлімше: «Qazaqstan» ҰТА бағдарламалар өндірісі дирекциясы

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары

Жұмыс өтілі: 3 жылдан кем емес

Еңбек өтілі: 3 жылдан кем емес

Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

Эфир қонақтарымен жұмыс.

Таңдау және келісу: Қонақтарды алдын ала іріктеу және бекітілген тізімді жоба жетекшісімен келісу.

Шақыру: Қонақтарды уақтылы шақыру, шақыру хаттарын, хабарламаларды жолдау және растау қоңырауларын жүзеге асыру.

Ақпараттандыру: Эфирге дейін қонақтармен байланыста болып, бағдарлама уақыты, өтетін орны, тақырыбы және форматы туралы толық ақпарат беру.

Логистика: Қонақтардың уақтылы келуін қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда олардың логистикасын (көлік, қарсы алу, сүйемелдеу) ұйымдастыру.

Қабылдау: Эфир алдындағы қонақтарды қарсы алу және оларды грим бөлмелеріне және дайындық бөлмелеріне орналастыру.

Брифинг: Эфир алдында қысқаша нұсқама жүргізу – сұрақтарды, тақырып шеңберін, этиканы және сөйлеу регламентін түсіндіру.

Мерзімдер: Қонақтар тізімін бекіту және оларды толық ақпаратпен қамтамасыз ету, мүмкіндігінше эфирге дейін кемінде 10 сағат бұрын.

Түсірілім процесіне қатысу

Дайындық: Жұмыс уақыты ішінде барлық дайындық және түсірілім процестеріне қатысу.

Талқылау: Тақырыптарды талқылауға қатысу және қонақ кандидатураларын ұсыну.

Бақылау: Бағдарлама түсірілімінің барысын студияда да, сыртқы локацияларда да қадағалау.

Тапсырмалар: Басшылықтың және жоба жетекшісінің тапсырмаларын уақтылы орындау.

Корпоративтік тәртіп және имидж

Еңбек тәртібі: Күнделікті жұмысқа келу, белгіленген кестені сақтау және қатаң еңбек тәртібін ұстану.

Есептілік: Жұмыс барысында орын алған барлық өзгерістер туралы дирекция басшысына хабарлау.

Ілгерілету: Қоғамның жалпы іс-шараларына қатысу, оларды өткізу және әлеуметтік желілерде жариялау.

Имиджді қорғау: Компанияның беделін қорғау және ілгерілету жұмыстарына әлеуметтік желілерде және өзге де БАҚ-та белсенді қатысу.

Сандық этика: Әлеуметтік желілерде пікір немесе ақпарат жариялау кезінде кәсіби этиканы сақтау, оң немесе бейтарап ұстанымды ұстану.

Контент: Өзінің жеке аккаунттарында эфир жаңалықтарына қатысты материалдарды (әріптестер сюжеттері, сұхбаттар, талдамалар) тарату.

Қауіпсіздік

Ақпараттық қорғау: Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау.



«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы «Qazaqstan» ҰТА бағдарламалар өндірісі дирекциясының продюсер-әкімшісі бос лауазымына орналасуға арналған конкурстың аяқталғаны туралы хабарлайды.

Конкурс өткізілді деп танылды. Құжаттарды және әңгімелесу нәтижелерін қарау нәтижесі бойынша конкурстық комиссияның шешімімен Тушкенова Ләззат Жандарқызы жеңімпаз болып танылды. Конкурс жеңімпазымен белгіленген тәртіппен еңбек шарты жасалатын болады.

Байқаудың барлық қатысушыларына көрсеткен қызығушылығы мен қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Бос орын жабылып, мұрағатқа ауыстырылды.



Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар