Құрылымдық бөлімше: Өндірістік орталық
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары
Жұмыс өтілі: 2 жылдан кем емес
Еңбек өтілі: 2 жылдан кем емес
Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін
Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4
Графикалық стильді әзірлеу: Корпорацияның жалпы стилі мен бренд-букіне сәйкес телевизиялық жобалардың графикалық дизайн стилін қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізеді.
Жедел графика: жедел компьютерлік графиканы жасаумен айналысады.
ТВ-жобаларды өндіру: композиттік бағдарламалар мен 3D-қосымшаларды пайдалана отырып, телевизиялық жобаларды жобалауды және өндіруді жүзеге асырады.
Эскиздерді келісу: эскиздерді (жобаларды) тікелей басшысымен келіседі және олардың соңғы нұсқаларын дайындайды.
Түзетулер енгізу: продюсердің немесе редактордың нұсқауы бойынша дизайнға көркемдік және техникалық түзетулер енгізеді.
Ақпаратты қорғау: ақпаратты қорғау бойынша техникалық құжаттама талаптарын сақтау жөніндегі міндеттемелерді орындайды.
Есептілік: орындалған жұмыстар бойынша жоспарлар, ұсыныстар және есептерді тікелей басшысына ұсынуға міндетті.
Қосымша тапсырмалар: өзінің функционалдық міндеттері шеңберінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды.
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Өндірістік орталық Дизайн қызметі Арнайы жобалар тобының дизайнері (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне) уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурстың аяқталғаны туралы хабарлайды.
Конкурс өткізілді деп танылды. Құжаттарды және әңгімелесу нәтижелерін қарау нәтижесі бойынша конкурстық комиссияның шешімімен Акишева Гулназ Еркиновна жеңімпаз болып танылды. Конкурс жеңімпазымен белгіленген тәртіппен еңбек шарты жасалатын болады.
Байқаудың барлық қатысушыларына көрсеткен қызығушылығы мен қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Бос орын жабылып, мұрағатқа ауыстырылды.