Техникалық қамтамасыз ету департаменті студиядан тыс хабар тарату құралдары бөлімінің жетекші инженері - Астана

Техникалық қамтамасыз ету департаменті студиядан тыс хабар тарату құралдары бөлімінің жетекші инженері

Құрылымдық бөлімше: Техникалық қамтамасыз ету департаменті

Біліктілік талаптары:

Білім: Жоғары техникалы білімі болса жұмыс өтілі қажет емес;

Орта кәсіптік немесе орта техникалық білім болса инженерлік-техникалық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл болу тиіс.

Еңбек өтілі: 3 жылдан кем емес

Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

Бөлім қызметіне қатысты нұсқаулықтарды, әдістемелік және нормативтік материалдарды әзірлеуге қатысады;

Түсірілім немесе тікелей көрсетілім нысанына шығуға дайындық кезінде техникалық талаптарға және шығармашылық бөлімшелерден келіп түскен өтінімге сәйкес негізгі және қосалқы техниканың толықтығын тексереді;

Шығармашылық персоналмен келісілген мерзімде тракттар, жазбалар мен тікелей көрсетілімдерді жүргізуге кешеннің толық дайындығын қамтамасыз етеді, оған бейне және дыбыс трактісін, сыртқы қосылу желілерін толық баптау мен тексеру кіреді;

Жазба немесе тікелей көрсетілім аяқталғаннан кейін кешенді жинау, пайдаланылған жабдықтың толықтығын тексеру және тасымалдауға дайындайды;

Жабдықты уақтылы әрі сапалы техникалық пайдалануды қамтамасыз етеді;

Сигнал параметрлерін үздіксіз басқаруды қамтамасыз етеді;

Жабдықты дер кезінде жұмысқа дайындау жұмыстарын жүргізеді, жабдықтың негізгі параметрлеріне бақылау өлшеулерін жүргізеді;

Жабдықтың жұмысын бақылайды, телевизиялық және дыбыстық сигналдарға қойылатын ГОСТ және басқа да нормативтік құжаттар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді, қажетті коммутациялар, орын ауыстырулар мен қосып-өшірулер бойынша бағдарламалық-режиссерлік қызметкерлердің жедел талаптарын орындайды;

Бағдарламалық-режиссерлік персоналмен бірлесе отырып, резервтік жабдық пен арналарға ауысуды қамтамасыз етеді;

Авариялық жағдайда жұмысты жалғастыруға мүмкіндік беретін жабдық тыңтехнологиялық мүмкіндіктеріндегі мәжбүрлі шектеулерді анықтап, олар туралы бағдарламалық-режиссерлік персоналға хабарлайды;

Телевизиялық жабдықта ақаулар пайда болған жағдайда жедел әрекет етеді, оларды дер кезінде жояды;

Телевизиялық жабдықтағы ақаудың себебін анықтайды, істен шыққан блокты табады, қажет болған жағдайда резервке ауысады;

Техникалық құралдардың жүктеме кестесін сақтайды;

Телевизиялық жабдықты техникалық пайдалану қағидаларын, сондай-ақ техникалық қауіпсіздік қағидаларын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, лауазымдық, пайдалану-техникалық және технологиялық нұсқаулықтарды және басқа да нормативтік құжаттарды зерттейді және орындайды;

Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді орындайды;

Өзінің функционалдық міндеттері шегінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды;

Еңбек тәртібін, Корпорацияның ішкі тәртіптемесінің қағидаларын және осы ЛН сақтайды, Корпорацияның бұйрықтары мен өкімдерін орындайды.



Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар