Құрылымдық бөлімше: "QAZSPORT" телеарнасының бағдарламалық қызметі
Біліктілік талаптары:
Жоғары білім
1 жылдан аз емес
Еңбек өтілі: 1 жылдан аз емес
Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін
Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4
Есептілік: медиа-жоспарлардың орындалуы бойынша және ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігінің сұратуларына сәйкес есептер мен жиынтықтар дайындау.
Талдау: мемлекеттік тапсырыстың орындалуына ай сайынғы құрылымдық және тақырыптық талдау жасау.
Деректерді жинау: медиа-жоспарлар мен мемлекеттік тапсырыс бойынша жиынтық есептер үшін ақпаратты іздеу және жүйелеу.
Қаржылық есепке алу: қаламақы ведомостарын қалыптастыру үшін бағдарламалар мен көрсетілімдер бойынша деректер жинау.
Келісу: медиа-талдау және зерттеу бөлімі әзірлеген құжаттармен жұмыс істеу.
Хабардар ету: мемлекеттік ақпараттық тапсырыс пен медиа-жоспарлардың орындалуындағы кез келген ауытқулар, жетіспеушіліктер немесе артық орындалу туралы басшылыққа жазбаша түрде хабарлау.
Қолдау: бөлімге ұйымдастырушылық-әкімшілік көмек көрсету (құжаттарды көбейту, сақтау және тарату).
Қатысу: құрылымаралық кеңестер мен жоспарлы жиналыстарға қатысу.
Құқықтық бақылау: эфирдің заңнамаға сәйкестігін тексеру (тілдік пропорциялар, фильмдердің жас ерекшелік индекстері).
Тапсырмалар: телеарна мен Корпорация басшылығының ағымдағы хаттамалық және өзге де өкімдерін орындау.
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы "QAZSPORT" телеарнасының бағдарламалық қызметінің аналитигі бос лауазымының жабылғаны туралы хабарлайды.
Ішкі ережелерге сәйкес Досмагамбетова Бекзада Саламатовна аталған бос лауазымға ауыстыру тәртібімен тағайындалды.
Бос орын жабылып, мұрағатқа ауыстырылды.