Құрылымдық бөлімше: Персоналды басқару департаменті
Біліктілік талаптары:
Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, менеджмент, Бизнес және құқық, өнер және гуманитарлық ғылымдар, педагогикалық ғылымдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, психология мамандықтары бойынша жоғары білім.
Еңбек өтілі: Жұмыс тәжірибесі: персоналды басқару саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 4 жыл.
Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін
Мекен-жайы: Астана, Кунаева, 4
Міндеттері:
Бос лауазымдарға кандидаттарды конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу;
Кандидаттарды әртүрлі көздер (БАҚ, интернет, деректер базасы)арқылы іздеу және тарту;
Бастапқы іріктеуді өткізу, кандидаттармен әңгімелесуді ұйымдастыру және өткізу;
Кандидаттар мен бос жұмыс орындарының дерекқорын қалыптастыру және жүргізу, есептілікті дайындау;
Қызметкерлерді аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
Кадр резервімен жұмыс (қалыптастыру, дамыту және сүйемелдеу);
KPI (жоспар/факт)әзірлеуге, жоспарлауға және орындалуын бақылауға қатысу;
Ұсыныстарды дайындау және HR-іс-шараларды ұйымдастыру, HR-іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау;
Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге/өзектендіруге қатысу және басшылықтың тапсырмаларын орындау.
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Персоналды басқару департаментінің HR менеджері (декреттік демалыс кезеңіне) бос лауазымына орналасуға арналған конкурстың аяқталғаны туралы хабарлайды.
Конкурс өткізілді деп танылды. Құжаттарды және әңгімелесу нәтижелерін қарау нәтижесі бойынша конкурстық комиссияның шешімімен Айдана Оңталапқызы Баекешова жеңімпаз болып танылды. Конкурс жеңімпазымен белгіленген тәртіппен еңбек шарты жасалатын болады.
Байқаудың барлық қатысушыларына көрсеткен қызығушылығы мен қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Бос орын жабылып, мұрағатқа ауыстырылды.