Құрылымдық бөлімше: ТҚД Аппараттық-студиялық кешен
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары техникалық немесе орта техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік).
Жоғары техникалық білімі бар үміткерлерге еңбек өтілі бойынша талап қойылмайды.
Орта техникалық және кәсіптік білімі бар үміткерлер үшін техникалық мамандық бойынша кемінде 1 жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Еңбек өтілі: Жоғары техникалық білімі бар үміткерлерге еңбек өтілі бойынша талап қойылмайды. Орта техникалық және кәсіптік білімі бар үміткерлер үшін техникалық мамандық бойынша кемінде 1 жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін
Мекен-жайы: Астана, Кунаева, 4
Міндеттері:
Жазбалар мен тікелей эфирлерге арналған студиялық жабдықтарды дайындау және баптау;
Аппараттардың жиынтығын және техникалық жағдайын тексеру;
Түсірілім және дыбыс жабдықтарын орнату және қосу;
Эфир мен жазба барысында сигнал параметрлерін бақылау;
Техникалық ақауларды жедел анықтау және жою, резервтік жүйелерге ауыстыру;
Шығармашылық іс-шаралар мен іссапарлар кезінде техниканы қызмет көрсету және сүйемелдеу;
Еңбек тәртібін, ішкі еңбек ережелерін және Корпорация талаптарын сақтау.