Құрылымдық бөлімше: Телехикаялар өндірісі бөлімі
Біліктілік талаптары:
Жоғары білім. Мамандығы – «Өнер», «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Білім», «Техникалық ғылымдар және технологиялар» бағыттарының бірі бойынша.
Еңбек өтілі: Еңбек өтілі мамандығы бойынша кемінде 2 жыл.
Жұмыс күні: 5/2, 9,00 - 18,30
Мекен-жайы: Астана, Кунаева, 4
Контрагентпен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, атқарылатын жұмыстар мен өндіріс процесінің (түсірілім, монтаж, локация таңдау, кастинг) сапасын бақылау;
Дайын өнімді тапсыру кестесін келісу, есепті кезең-кезеңімен бақылау, сондай-ақ концепция, синопсис, сценарий және эпизодтарды қабылдап, қажет болған жағдайда өзгерістер енгізу;
Қызметтік хаттарды дайындау, келісімшарттар мен қосымша келісімдер жасасу, құжат айналымын жүргізу;
Өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде (сценарийден бастап дайын өнімге дейін) сапаны арттыру жұмысына қатысу;
Дайын өнім туралы ақпаратты стратегиялық және коммерциялық маркетинг департаментіне және дистрибуция және сатып алу бөліміне ұсыну;
Телесериал жобаларын әзірлеу, жоспарлау, жүзеге асыру және өндіріс процесін (түсірілім, кастинг, келісімшарттар) ұйымдастыру;
Сценарий авторлары, режиссерлер және шығармашылық топпен бірлесе жұмыс істеу;
Бюджетті жоспарлау және шығындарды бақылау;
Контент сапасын телеарна немесе платформа стандарттарына сай қамтамасыз ету;
Рейтингтер мен көрермен пікірлеріне талдау жүргізу арқылы жобаларды жетілдіру.