Қоғам төмендегі негізгі қызмет түрлерін іске асырады:
- Қазақстан Республикасы және басқа елдер аумағында телевизиялық және радио хабат таратуды ұйымдастыру;
- телевизиялық және радиобағдарламаларды өндіру, көшіру, дыбыстау, көбейту;
- бағдарламалар, кино-, аудио-, бейне- және басқа өнімдер өндірісінің шығармашылық-өндірістік үдерісін, оларды сатып алуды, айырбастауды және т.б. әрекеттерді жүзеге асыру және қамтамасыз ету;
- осы өнімдерге және зияткерлік меншіктегі басқа да нысандардың авторлық және сабақтас құқықтарын алу;
- Қазақстан Республикасында және шетелдерде теле-, кино-, аудио-, бейнеөнімдерді орналастыру және өндіру тапсырыстарын орындау;
- телевизиялық сигнал трансляциясын, ретрансляциясын эфирлік, жерсеріктік, кабельдік, сымдық, сандық арна байланыстары мен релелік желілер бойынша жеткізу және таратуды жүзеге асыру;
- маркетингтік, әлеуметтік және басқа да зерттеулерді жүргізу;
- Қазақстан Республикасында және шетелдерде әр текті ақпараттар жинауды, алмасуды және таратуды ұйымдастыру және өзіндік ақпарат қорларын қалыптастыру;
- телерадио хабар таратумен байланысты жобаларды әзірлеу және іске асыру;
- телевидение мен радиоға арнлаған жарнама өнімдерін жасау және көрсету (трансляциялау);
- жеке меншік мүлікті жалға беру және басқару: тұрғын емес өндірістік және офистік ғимараттар (жайлар);
- негізі бір жылдық немесе бір айлық мерзімге тұрғылықты пайдалануға берілетін үйлер, жиһазбен жабдықталған немесе жабдықталмаған пәтерлер немесе бөлемелерді беру;
- телекоммуникация қызметтерін ұсыну үшін қолданатын өндірістік мобильді кешендерді пайдалану;
- интернет желісінде аудиовизуалдық шығармаларды жасау және тарату (кино-, бейнефильмдер, телевизиялық бағдарламаларды және контенттің басқа да түрлерін БАҚ-та тарату);
- теле-, радиоарналарды қалыптастырып, оларды телерадио хабарларын тарату желілерінде әрі қарай тарату жөніндегі қызмет.