Ернұр Бурахан «Қазақ радиолары» ЖШС директоры қызметіне тағайындалды

25.11.2019

Жаңа басшыны радио ұжымына «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай таныстырды.

Ернұр Көшерханұлы Бурахан 1981 жылы 16 маусымда дүниеге келген. Салада 20 жылға жуық тәжірибесі бар. 2007-2011 жылдар аралығында «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында тілші, редактор, редактор-жүргізуші, шеф-редактор қызметтерін атқарды.   

2011 жылдан бастап әр жылдары бірқатар мемлекеттік мекемелерде Баспасөз хатшысы, 2013-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, 2015-2017 жылдары Ақтөбе облысы әкімдігі аппарат басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған. 

2017 жылдан бүгінге дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы «Aqtóbe» телеарнасының директоры қызметінде болды. 

«Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Қазақ радиолары» ЖШС құрамына «Qazaq radiosy», «Shalqar» радиосы, «Астана» және «Classic» радиолары кіреді.

Закон Республики Казахстан «О доступе к информации» от 16 ноября 2015 года № 401-V ЗРК.

Статья 16. Размещение информации на интернет-ресурсах

пункт 3. Обладатели информации в пределах своей компетенции обязаны размещать на интернет-ресурсах:

подпункт 1) общую информацию о деятельности обладателя информации:

«официальные новости (пресс-релизы) о деятельности обладателей информации;»

Региональные телеканалы