«Қазақ радиолары» серіктестігі «Мың алғыс» қайырымдылық кешін өткізеді

18.02.2020

Алғыс айту күніне орай «Qazaqstan» концерт залында «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақ радиолары» ЖШС ұйымдастыруымен «Мың алғыс» дәстүрлі қайырымдылық кеші өтеді.

Кешке ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады.  

Шара мақсаты – мейірімділікті, қайырымдылықты, өмірге деген құштарлықты насихаттау, ауыр дертке шалдыққан жандардың еміне қаражы жинау. 

«Мың алғыс» қайырымдылық концертінде:  

• Мидың қатерлі ісігіне шалдыққан Самат Ақбергеновке көмек көрсетіледі;  

• «Харекет» қайырымдылық қоры 3 отбасына баспана кілтін табыстайды. Олардың бірі Қарағанды қаласы, екеуі Ақмола облысынан; 

• «Асыл адам» қайырымдылық қоры өзінің баспанасы болмаса да, өзгеге қолұшын созып жүрген еріктінің біріне пәтер кілтін табыстайды; 

• Шешенстан Республикасы Грозный қаласында тұратын Мариям Рамазанқызы 56 жылдан соң туған әпкесі Наталья Метельскаямен табысады; 

• Германияда 1982-1984 жылдары әскери борышын өтеген Мұхит Марасулов пен Балтабай Ақжанов 36 жылдан соң кездеседі; 

• Шараға «Бармысың, бауырым?!» бағдарламасы арқылы жақындарын тапқан Янина Мелехова (Мәскеу) мен Виктор Винтерголлер қатысады; 

«Бармысың, бауырым?!» бағдарламасы эфирге шыққалы 800 хат-қоңырау түсіп, 130 адам анықталды. «Мың алғыс» радиохабары мен қайырымдылық кеш аясында мұқтаж жандарға 85 630 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Қайырымдылық концертіне Майра Мұхамедқызы, Құрмаш Махан, Мирас пен Құралай, Әлішер Каримов, Қарақат Әбілдина, Өмірқұл Айниязов, Алтынай Жорабаева сынды эстрада жұлдыздары, «Ұлттық ұлан» сарбаздары, «Art Music» квартеті қатысады.  

Өтетін орны: «Қазақстан» Орталық концерт залы 

Күні: 28 ақпан 

Басталуы: 19:00.

Закон Республики Казахстан «О доступе к информации» от 16 ноября 2015 года № 401-V ЗРК.

Статья 16. Размещение информации на интернет-ресурсах

пункт 3. Обладатели информации в пределах своей компетенции обязаны размещать на интернет-ресурсах:

подпункт 1) общую информацию о деятельности обладателя информации:

«официальные новости (пресс-релизы) о деятельности обладателей информации;»

Региональные телеканалы