«Astana Media Week» форумы аясында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның таныстырылымы өтті

11.09.2019
«Astana Media Week» форумы аясында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның таныстырылымы өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Орталық Азиядағы ең ауқымды медиа оқиға - «Astana Media Week» форумы басталды.

Медиа жиынның алғашқы күнінде «Қазақстан» РТРК» АҚ-на қарасты ресурстар күзгі маусымдағы таныстырылымын өткізіп, телеарналар, кино және продакшн-студиялар мен БАҚ өкілдеріне медиа маусымның жаңа жобаларын ұсынды. 

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай өз баяндамасында телерадиокорпорацияның отандық телехикая өндірісі бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары жөнінде айтып өтті.  

«Ұлттық арнада жаңа маусымға 14 жаңа жоба әзірленді. Тікелей эфирде, боямасыз, көпшіліктің қатысуымен, көрерменнің араласуымен өтетін жобаларды көбейттік. Мақсат - талапшыл да сыншыл аудиториямыздың сұранысына жауап беру. 

Қара шаңырақтағы сабақтастықты сақтау - біздің парызымыз. Сол себепті, көрерменнің жоғары бағасына ие болған «Tañsholpan», «Dara jol», «Mа́sele», «Parasat maidany» сияқты 10 бағдарлама жалғасын табады. 

Сондай-ақ, 219 сериядан тұратын 14 жаңа телехикая түсірілді. 

Қазақы рухани құндылықтарды сақтай отырып, нарықтық нәтижелерге, бәсекелестікке көңіл бөлуіміз керек. TNS Central Asia зерттеу компаниясының деректері бойынша «Qazaqstan» Ұлттық арнасының рейтингтік көрсеткіштері көктеммен салыстырғанда 121 пайызға өсті. Бұл - бүкіл ұжымның тынымсыз еңбегінің нәтижесі»,- деді өз сөзінде «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Закон Республики Казахстан «О доступе к информации» от 16 ноября 2015 года № 401-V ЗРК.

Статья 16. Размещение информации на интернет-ресурсах

пункт 3. Обладатели информации в пределах своей компетенции обязаны размещать на интернет-ресурсах:

подпункт 1) общую информацию о деятельности обладателя информации:

«тексты официальных выступлений и официальных заявлений руководителей обладателей информации и их заместителей;»

Региональные телеканалы