«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан алғаш рет детектив жанрындағы телехикая шығады

23.09.2019
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан алғаш рет детектив жанрындағы телехикая шығады

26 қыркүйектен бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы түсірген детектив жанрындағы алғашқы телехикая көрерменге жол тартады.

Жұмыс күндері «Қашқын» атауымен эфирге шығатын туынды қоғамның өзекті мәселесіне айналып отырған жемқорлық, теріс діни ағымдардың әсері, дәстүрдің құнсыздануы, отбасы құндылықтары сияқты сан түрлі тақырыптарды арқау етеді.  

Сонымен қатар, телехикая бүгінгі замандағы құқық қорғау өкілдерінің аса қауіпті қылмыскерлердің жолын кесудегі кәсіби жұмысы мен қоғам алдындағы ауыр міндетін ашып көрсетеді.  

«Жемқорлық пен ашкөздік жайлаған қоғамда сенім, бірлік, бауырмалдылық жоғалады. Жаңа туынды биік адамгершілік қасиет пен адал еңбек жолы ғана қоғамды жақсылыққа жетелейтінін, адами өркениеттің негізі таза жолмен қызмет ету екенін ашып көрсетуді мақсат тұтады.  

Телехикаядағы оңай жерден олжа іздеген жанның қайшылыққа толы, жағымсыз өмірін бейнелеу арқылы өзгелерге ой салуды көздедік. Туындының негізгі идеясы - айналасына зиянын тигізетін адамның өмірі тығырыққа тірелетінін, заң әділдігінің қай кезде де үстемдік құратынын көрсету», - дейді «Қазақстан» ҰТА Эфирлік саясат дирекциясының директоры Бағжан Бимұратова.  

Басты рөлдерді ҚР Халық әртісі Тілектес Мейрамов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Қаптағай, белгілі кино және театр актерлері Қуандық Қыстақбаев, Жандарбек Садырбаев, Бақыт Тушаев, Нышанбек Жұбанаев, Нұрлан Жұмағали, Нартай Сауданбекұлы сомдайды. 

Телехикая «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан 26 қыркүйектен бастап жұмыс күндері 21:30-да көрсетіледі. 

Айта кетсек, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы биылғы жылы жалпы саны 2019 бөлімнен тұратын түрлі жанрдағы 14 жаңа отандық телехикая түсірді. Бүгінгі күнге дейін ұсынылған «47 баланың анасы», «Қанатсыз құстар» телехикаялары көрермен тарапынан жоғары бағаға ие болып үлгерді. 

Закон Республики Казахстан «О доступе к информации» от 16 ноября 2015 года № 401-V ЗРК.

Статья 16. Размещение информации на интернет-ресурсах

пункт 3. Обладатели информации в пределах своей компетенции обязаны размещать на интернет-ресурсах:

подпункт 18) ленту новостей;

Региональные телеканалы