Оксана Лоскутова

Оксана Лоскутова

«Ақпарат» бағдарламасының жүргізушісі

1980 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы педагогика университетін тәмамдаған. Мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы. Магистратура – Мемлекеттік және жергілікті басқару.

Еңбек өтілін 1999 жылы бастаған. «Қазақстан-Ақтөбе» «Армысың, Ақтөбем!» бағдарламасын жүргізуден бастаған. 2003 жылы Ақтөбе теміржол көлігі колледжінде қазақ тілінен сабақ берген.

Телевизия саласына 2006 жылы оралады. «Рика ТВ» жаңалықтар жүргізушісі. 2006 жылы Астана қаласындағы «Астана» телеарнасына шақырылады. 2013 жылға дейін жаңалықтар жүргізушісі, шығарушы редактор, бірнеше авторлық жобалардың жүргізушісі.

2013-2024 жж. PR саласында қызмет етіп келеді. Сонымен қатар қазақ тілінен сабақ береді және баспасөз хатшыларын оқытады. Мектеп кезінен қазақ тілінен олимпиадаларға қатысып, жеңімпаз болған.

Қазақ, орыс тілдерін еркін меңгерген. Бала кезінде әскери болуды армандаған. «Журналистика саласы көп мамандықты бірден игеруге жол ашты» деген пайымда. Бес жасынан кітап оқиды. Бала кезінен саяхат туралы оқып өскендіктен, жай саяхат емес тау, орман аралағанды жақсы көреді. Қазір кітап жинайды. Оған қоса, бау-бақша еккенді ұнатады.


Аймақтық арналар