Асылбек Данияр

Асылбек Данияр

«Aqparat» бағдарламасының жүргізушісі

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Мақталы ауылында көпбалалы отбасында дүниге келген. №65 Достық жалпы орта мектебінің түлегі. Мектептегі сүйікті пәні – қазақ тілі, қазақ әдебиеті.

Шымкент қаласында орналасқан қазіргі Ж.Тәшенев университетінің түлегі. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік дипломмен тәмамдаған, ғылым-магистрі.

Бала кезден тележүргізуші-журналист болуды армандаған. Алға қойған мақсатына жету үшін 2-курста оқып жүріп, жергілікті жекеменшік телеарнада тілші-тележүргізуші, монтажер қызметін атқарған. Жоғары оқу орнын тәмамдай сала, Астана қаласына көшіп, «Астана» телеарнасында карьерасын жалғастырады. Онда ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісі, спорт жаңалықтарының жүргізушісі болған. Одан бөлек, арнайы репортаждар жасап, бағдарлама жүргізген. 2022 жылдың маусымынан бастап «Qazaqstan» Ұлттық арнасында ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы бөлімінде тілші. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап «Aqparat» жаңалықтар топтамасының жүргізушісі.

Қазақ, өзбек, орыс тілдерін меңгерген.

Кітап оқығаннан бөлек, жинағанды жақсы көреді. Галстук, блокноттан коллекция жинайды. Хоббиі фото-видео монтаждау, шопинг жасап, кино көру, медицина саласын зерттеу. Арманы – қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдыру және көпбалалы, үлгілі әке болу.

Аймақтық арналар