Мақпал Құрманжанқызы Жұмабай

Мақпал Құрманжанқызы Жұмабай

«balapan» телеарнасының директоры

Жұмабай Мақпал Құрманжанқызы 1985 жылы Алматы облысында дүниеге келген.  Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «Кино және ТВ бөлімі» мамандығы бойынша ғылым магистрі.
 
2003-2008 жылдар аралығында республикалық «Ана тілі» ұлт газетінің тілшісі, бөлім редакторы;

2008-2011 жылдар аралығында «Qazaqstan» телеарнасы Таңғы бағдарламалар бірлестігінің редакторы, шеф-редакторы;

2011-2013 жылдар аралығында «balapan» телеарнасының шеф-редакторы, продюсері;

2014-2018 жылдар аралығында Қазақстанның ашық кітапханасы – www.kitap.kz жобасының жетекшісі;

2018 жылдың 2-ақпанынан бастап «balapan» телеарнасының директоры.
 
 Марапаттары:
 
 
• Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының иегері (2006 ж);

• ҚР Президент қоры грантының иегері (2017 ж).   

Шығармашылығы:
 
• «Қырандар мен қазақтар» кітабы (2008 ж)
 
• «Мақпал шер» поэтикалық жинағы (өлең кітабы және аудиоальбом, 2017 ж)
 
• «Жалғызым» альбомы (2017 ж)

Қосымша деректер:
 
TEDxAlmaty конференциясының спикері (2017 ж);
 
• Қазақ ПЕН-клубы мүшесі;
 
• Ұлттық аударма бюросының «Гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакторы. 

 

Аймақтық арналар