Индира Тұрсынбай

Индира Тұрсынбай

«Balapan» телеарнасының директоры

1983 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

2003-2005 жылдары - «Almaty TV» телеарнасында журналист, жаңалықтар жүргізушісі, «Экология бекеті» телеарнасының редактор-жүргізушісі;

2005-2006 жылдары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында редактор-сарапшы, «Business.kz» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі;

2008-2009 жылдары  - «Астана» телеарнасында редактор-сарапшы, жаңалықтар жүргізушісі;

2011-2014 жылдары - «Еуразия» Бірінші арнасында корреспондент, жаңалықтар жүргізушісі;

2015-2016 жылдары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі, экономика жаңалықтарының редактор-жүргізушісі;

2017-2023 жылдары - жеке продакшн компанияларда басшылық қызметтер атқарды.

2023 жылдың қаңтарынан бастап - «Balapan» телеарнасының директоры.



Аймақтық арналар