Дастанбек Мүрсәлім

Дастанбек Мүрсәлім

«Tańsholpan» бағдарламасының редактор-жүргізушісі

Аты-жөнім: Мүрсәлім Дастанбек,

Армандарым шақырады асқар боп,

Жақсылыққа қай кезде де жуықпын,

Тәуекелден ешқашанда қашқам жоқ.


Туған жерім:

Мен боламын, Атыраудың қазағы,

Қасиетке тұнып тұрған қазаны.

Ұлтым, тілім - айбыным ғой ең қымбат,

Ал, орысша, ағылшынша –шамалы.


Бойым бір жүз жетпіс сегіз «см» бар,

Салмағымда алпыс екі «кг» бар.

«Көлеміңді өлең қылғаның не» демей,

«Өлеңімді - өмірім» деп ұғыңдар.


Мамандығым:

Тілін , бүтін сақтап жүру қоғамның,

Жан-жақтымын, таптырмаймын одан мін,

Филолог деп әбігер боп жүргенде,

Ұлттық арнада редактор боп алдым.


Жұмысым бар...

«Таңшолпаным», азулылар істейтін,

Мынау сенің биігің, «бар, ұш» дейтін,

Өкінбеймін, эфирдемін, ағайын,

Жан емеспін бармағын кеп тістейтін.


Кең дүнием көрсетпесін тарлығын,

Ұзынқұлақ ұғып алсын барлығын,

19 млн көрермені бар Дастанға,

Сыбағаңды тарту етші тағдырым.

Аймақтық арналар