1995 жылдың 14 желтоқсанында Қарағанды облысында дүниеге келген. 2017 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
2014-2015 жылдар аралығында «Тәуелсіздіктің ақ таңы» республикалық қоғамдық-саяси журналында журналист, 2015-2017 жылдар аралығында «Әйел бақыты» бағдарламасының сюжет редакторы, 2017 жылы «Астана» телеарнасында «Тікелей эфирде Астана!», «Қайырлы таң!» бағдарламаларының сюжет редакторы болды. 2017-2019 жылдар аралығында «Астана» телеарнасында арнайы бағдардаламар бөлімінде редактор қызметін атқарды.
2019 жылдан бері «Қазақстан» РТРК» АҚ Бағдарламалар жөніндегі редакциясының редактор-жүргізушісі. «AUA RAIY» мен «Tańsholpan» таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасының жүргізушісі.
Журналистикадан бөлек, тарих пен медицина саласына қатты қызығады. Бос уақытын отбасымен, достармен өткізгенді ұнатады. Әлсіз түсі - ақша жинай алмау, өзгелердің көңіліне көп жығылу.
Өмірлік ұстанымы: «Қандай жағдай болмасын, көрерменге қатулы қабақпен үн қатпа!».