Ақбаян Сапарбаева

Ақбаян Сапарбаева

«Жан жылуы» бағдарламасының жүргізушісі

Сапарбаева Ақбаян Әбдіғалиқызы 1985 жылдың 10-шы ақпанында Қызылорда облысының Шиелі ауданы, Еңбекші ауылында дүниеге келген. 

1991 жылы №159 қазақ орта мектебіне барып, 2001 жылы бітірген.

 2001 жылы «Сырдария» университетінің Журналистика факультетіне оқуға түсіп, 2004 жылы аяқтаған. 

Алғашқы жұмыс тәжірибесін аудандық «Жетісай» жаңалықтары газетінің бас редакторы қызметінен бастаған.

2006-2008 жылдар аралығында облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің саяси бөлім тілшісі, 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап 2009 жылға дейін «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының «Аялы алақан» бағдарламасының ректоры. 

2009 жылдан бері «Жан жылуы» әлеуметтік тележурналының продюсері, жүргізушісі қызметін атқарып келеді.  

2019 жылы «Ақпарат саласының үздігі» төс белгісімен марапатталған.    

Халықаралық «Алтын жүрек», «Жан шуақ» жүлделерінің иегері.

Аймақтық арналар