1988 жылғы 10 Наурызда Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген. 8-сыныпқа дейін Тараз қаласындағы Тұрар Рысқұлов атындағы №48 мектепте оқыды. 11-сыныпты Алматыдағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңде оқытатын мектеп-интернатта тәмәмдады. 2006 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы филология факультетінің «Аударма ісі» мамандығына түсіп, 2010 жылы оқуды аяқтады.
Еңбек жолын «31 арнадан» бастаған. Бүгінге дейін «Астана», «Ел арна», «Qazaqstan» телеарналарында жұмыс істеді.
Жаңалықтар қызметінде тілші-жүргізуші болып, әр кезеңдерде саяси сұхбаттар жүргізді. Апталық қорытынды жаңалықтарда қызмет істеді. Авторлық бағдарламалар шығарды.
Мектеп кезінде «М.Шаханов поэзиясының көркемдік ерекшелігі» атты тақырыпта Республикалық ғылыми жұмысқа қатысып, 1-орын иеленді. Жас ақындар жинағына бірнеше туындысы енген.
Журналистік жұмыста «Нұр-Сұңқар» жүлдесі, «»Халық алғысы», «Ақпарат саласының үздігі» медальдарын алды.
Қазақша, орысшадан бөлек ағылшын тілін орташа деңгейде меңгерген.
Бос уақытында өлең жазумен айналысады. Сүйікті ісі - футбол, бильярд ойнау.