Құрманбек Жұмағалиұлы Жұмағали

Құрманбек Жұмағалиұлы Жұмағали

Басқарма Төрайымының бірінші орынбасары

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген.

Медиа саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар. Еңбек өтілін 2006 жылы бастаған.

2006 жылы «Қазақстан» Ұлттық арнасында редакторлық бөлімінің штаттан тыс редакторы-жүргізушісі.

2007-2013 жылдары «Хабар» агенттігі" АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының продюсері, таңғы және қорытынды жаңалықтарының жүргізушісі.

2013-2014 жылдары Қарағанды облысы әкімінің Баспасөз қызметінің басшысы-Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі.

2014-2016 жылдары «Қазақстан» РТРК" АҚ-ның Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры Аймақтық дамыту дирекциясының директоры.

2016 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоры» ҚҚ директоры, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметінің жетекшісі.

2017-2018 Маңғыстау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы. 2018-2019 жылдары «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры. 2019 жылдың 10 маусымынан бастап «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының Бірінші орынбасары.

Аймақтық арналар