Әсел Арыстанбек

Әсел Арыстанбек

«Tańsholpan» бағдарламасының жүргізушісі

Арыстанбекова Әсел Шалабайқызы 1987 жылы 7 мамырда Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында дүниеге келген. 2005 – 2009 жж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Саясаттану», 2011 – 2013 жж. Көкше Академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілін 2014 жылы бастаған.

2014 – 2015 жылдар аралығында «Qazaqstan» телеарнасында ауа райы шығарылымының жүргізушісі;

2015 – 2017 жылдар аралығында Еуразия бірінші арнасында «112», «Паутина», «Басты жаңалықтар», «Басты тақырып» бағдарламаларының жүргізушісі;

2017 – 2019 жылдар аралығында Еуразия бірінші арнасында «112», «Паутина» бағдарламаларының жүргізушісі; 

2019 жылдан бастап «ҚР Президентінің Телерадиокешенінде» «Ақорда» Техникалық – өндірістік қызметінің баспасөз хатшысы;

2020 жылдан бастап «Tańsholpan» бағдарламасының жүргізушісі.

Аймақтық арналар