Армангүл Тоқтамұрат

Армангүл Тоқтамұрат

«Aqparat» бағдарламасының жүргізушісі

Армангүл Тоқтамұрат Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетін «Социология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әлеуметтік ғылымдар магистрі. 

Еңбек жолы 2006 жылы басталған. 

2006-2007 жылдар аралығында Астана қ. әкімдігі Ішкі саясат департаменті, Саяcи партиялармен және ҮЕҰ жұмыс жөніндегі бөлімінің штаттан тыс қызметкері;

2007-2010 жылдар аралығында «ЭРА Телекомпаниясы» ЖШС «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының тілшісі әрі жүргізушісі және бірқатар бағдарламалардың жүргізушісі әрі редакторы;

2010-2014 жылдар аралығында «Астана» телеарнасында «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының жауапты редакторы әрі жүргізушісі кейіннен, «Күнделік Армангүл Тоқтамұратпен» сараптамалық бағдарламасының редактор-сарапшысы әрі жүргізушісі;

2014 жылы «24 KZ» телеарнасында «Республика-2050» бағдарламасының жүргізушісі, журналисі және редакторы;

2014-2015 жылдар аралығында «7 арнада»  «Нысана» сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі әрі журналисі;

2015-2019 жылдар аралығында «Qazaqstan» телеарнасында «Жаңалықтар» бөлімінің жетекші тілшісі, Президент пулының журналисі;

2019 жылдан бүгінге дейін «Qazaqstan» телеарнасында «Aqparat» ақпараттық бағдарламасының кешкі жүргізушісі.

Аймақтық арналар