Гүлнұр Оразымбетова

Гүлнұр Оразымбетова

«Tańsholpan» бағдарламасының жүргізушісі

1977 жылы 8 мамырда Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. Қызылордадағы педагогикалық колледжін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған. 

Еңбек өтілін 1997 жылы бастаған. 1997-2000 жылдар аралығында Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығының әдіскері, 2000-2001 жылдар аралығында Қызылорда облысының мемлекеттік филармониясының әншісі, 2001-2010 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Қазақконцерт»  өнер бірлестігінің әншісі, 2010 жылы бастап Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншісі болды. 2020 жылдан бастап Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филормониясының әншісі .

2015 жылдан бастап «Qazaqstan» телеарнасының «Tańsholpan» ақпаратты-сазды бағдарламасының жүргізушісі.

Оқушы, студент кезінде облыстық, республикалық ән байқауларында бақ сынаған. 2000 жылы республикалық «Жас қанат» байқауында бас жүлдені иеленді. Халықаралық «Азия дауысы» байқауының лауреаты. «Екі жұлдыз», «Егіз лебіз», «Qazaqstan дауысы. Балалар» мегажобаларының жүргізушісі болды.

Кітап оқуға құмар. Бала кезінде ауыл кітапханасынан тапқан бар көркем әдебиетті оқып шыққан.

Аймақтық арналар