I. Кіріспе бөлім
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің қызметі: «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, «Kazsport» және «Балапан» телеарналары, Өндірістік орталық, Эфирлік саясат дирекциясы, Аймақтық хабар таратуды дамыту дирекциясы (бұдан әрі – Құрылымдық бөлімшелер).
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг Басқарма төрағасының 2017 жылғы 31 наурыздағы №91 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті өткізу бойынша жұмыс тобымен жүргізілген.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті өткізу кезеңі: 2017 жылғы 01 сәуірден бастап 2017 жылғы 31 шілдеге дейін.
- Бақыланатын кезең : 2017 жылғы 01 қаңтардан бастап 2017 жылғы 31 шілдеге дейін.
II. Ақпараттық – сараптамалық бөлім.
Жұмыс тобымен бақыланатын кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттікті және нормаларды анықтау үшін Құрылымдық бөлімшелердің қызметін қозғайтын ішкі жергілікті актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде ішкі жергілікті актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормалар анықталған жоқ.
Жұмыс тобымен Құрылымдық бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқару қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді. Бақыланатын кезеңде мүдделер қайшылығының фактілері анықталған жоқ, көрсетілген Құрылымдық бөлімшелер мемлекеттік қызметтерді көрсетпейді. Құрылымдық бөлімшелерде рұқсат етілетін және бақылау функциялары жоқ. Құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің арасында бақыланатын кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар саласында әкімшілік және қылмыс істер қозғалған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың қарастырылған жүгінулері бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесінде сыбайлас жемқорлықтың пайда болуын сипаттайтын себептер анықталған жоқ. Бақыланатын кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысты жағымсыз жарияланымдар анықталған жоқ.
«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ-нда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері бойынша әлеуеметтік сауалнамалар өткізілген жоқ.
III. Қорытынды бөлім
Қорытындылар:
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында, «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында, «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің талдауын жүргізу туралы ұсынымдарды әзірлеу;
3) «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ ресми интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелерін орналастыру.